Мохов негізгі мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылына оқушылардың кәсіптік бағдарлануы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Оқу жылы бойы оқушылардың кәсіби бағдарлануы бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді.
Сынып жетекшілері 4-9 сыныптар аралығында "Менің сүйікті мамандығым"тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып бұрыштарында мамандық таңдауға арналған бет бар.
9 сынып оқушыларымен үлкен жұмыс жүргізілді. Сынып жетекшісі оқушылармен әңгіме, дөңгелек үстелдер өткізді. Сонымен қатар ата-аналар бірлескен әңгімелерге шақырылды. Ата-аналар мен оқушылар арасында "Кім болу"сауалнамасы өткізілді. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесті.
Онлайн режимінде жоғары техникалық колледждің оқытушысы Рыспекова Ильмира Бүркітбайқызы кездесу өткізді. Әңгіме нәтижесінде төрт оқушы мамандық таңдауын анықтады (инженер, шаштараз, бағдарламашы).
9 сынып оқушылары бірнеше рет медицина қызметкерімен кездесіп, мамандық таңдау туралы әңгімелесті, яғни дәрігер.
Кәсіби бағдар жұмысы мектептің бекітілген жоспарына сәйкес жүргізілді.