2016-2017 оқу жылындағы
ІІІ тоқсан
гуманитарлық бағыт бойынша
әдістемелік
бірлестігінің жүргізген есебі
Гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінде 4
(төрт) мұғалім жұмыс жасайды.
Әдістемелік бірлестіктің
мақсаты: Инновациялық әдіс- тәсілдерді
қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен білімдік іскерліктерін
дамыту.
ІІІ тоқсан бойынша жоспарға
сай жұмыс жүргізілді. Яғни, ІІІ-ші отырыста келесі сұрақтар талқыланды:
Гуманитарлық бағыт бойынша онкүндік өткізу, Баяндама дайындау, Емтихан
материалдарының талаптарын орындау.
9 қаңтар 18 қаңтар аралығында гуманитарлық пәндер бойынша
онкүндік өткізілді. Жұмыс жоспары қарастырылған және мектеп директорымен
бекітілген. 9 қаңтарда салтанатты жағдайда онкүндік ашылды, оқушылар және пән
мұғалімдері ақпарат дайындады. 11 қаңтардан және 18 қаңтарға дейін әр-түрлі
іс-шаралар өткізілді. Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова М.Т.,
ашық сабақтарды және сыныптан тыс іс-шараларды, қазақ тілі пәні мұғалімі
Жаменова И. Б. өткізді, тарих пәнінің мұғалімі Мусурова М.Н. сыныптантыс
іс-шара өткізді.
«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын түрлерін
қолдану» тақырыбына Жаменова И.Б. баяндама дайындады.
6 - 8 сыныптарға арналған көшіру емтихандары туралы
сұрақтар талқыланды. Барлық талаптарға сай құжат дайын болуға тиіс. 6 – 8
сыныптарда сапалы емтихан тапсыру мақсатында, консультация кестесін
қарастырылған және мектеп директорымен бекітілген.
6 сынып қазақ тілін диктант түрінде тапсырады, 8 сынып
Қазақстан тарихы билет түрінде тапсырады, 7 сынып орыс тілін диктант түрінде
тапсырады.
Мектеп директоры Р.Аманбаева
МӘБ жетекшісі
Жаменова И.Б.