Текст
Құрметті ата-аналар! Естеріңізге сала кетейік, орта білім беру ұйымдарына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау Орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін "электрондық үкімет" порталы арқылы не тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет.
Ол үшін қажет:
баланың ата-анасынан немесе басқа заңды өкілдерінен өтініш, форманы мына жерден көре аласыз;
жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін қажет);
№ 063/у және № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
3х4 өлшемді баланың сандық фотосуреті.