Текст
Көрменің мақсаты: Оқушыларды, жалпы жүрегі Отаным деп соққан әрбір жасты Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік туралы кітаптармен таныстыру, насихаттау. Ұлттық құндылықтың бірі — әлбетте, ол кітап. Кез келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – тек шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.