Текст
Қазақта «көш» деген ұғым бар. Данагөй халқымыз қандай да iстiң оңғарылып, тiрлiктiң түзелуiн көшпен байланыстырған. Биылғы жаңа 2024-2025 оқу жылымызды кітаптар керуенімен бастап отырмыз.Себебі мектептегі оқушыларымызға кітапханаға келіп түскен «Жаңа кітаптарды» көрсетіп ,таныстырып ,кітапханаға оқырман болып тіркелулерін түсіндіріп айтып өттік. «Кітаптар керуені» оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мектептегі оқушыларға мерекелiк көңiл-күй сыйлап, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды таныстырып, оқушыларға рухани көніл күй сыйлады. «Кiтаптар керуені – кітапханада» керуенiмен сыныптарда аялдағанда оқушылардын жаңа кітаптарға деген қуаныштарын сезiндiк.